На главную страницу СПК «Солтүстік»

 Ru  Kz   En

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Солтүстік»


Растениеводство Хранение Животноводство Разработка недр Строительство








Курсы валют













Locations of visitors to this page





Besucherzahler
счетчик посещений


Яндекс.Метрика


Google+

Жұмыспен қамту 2020
Бағдарлама мақсаты
Тұрақты және өнімді жұмыспен қамту жолымен халық табысын көтеру

Бағдарлама міндеттері
Өз еркімен жұмыс істейтін, жұмыссыз және жеткілікті қамтамасыз етілмеген халықты өнімді жұмыспен қамтуға тарту

Нормативтік-құқықтық базасы
2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы
«Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасын бекіту бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 Қаулысы
«Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №378 Қаулысы

Мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін әрекеттердің сабақтастығы.
Бірінші қадам: Бағдарламаның ықтимал қатысушылары жұмыспен қамту бойынша жергілікті органдарына Бағдарламаға қатысуға өтініш береді және құжаттардың қажет тізімін береді.
Екінші қадам: Халықты жұмыспен қамту орталықтары жағдай бойынша құжаттарды қарастырады, ықтимал қатысушылармен сұхбаттасады және мемлекеттік қолдау түрлері бойынша үміткерлердің тізімін жасайды.
Үшінші қадам: Халықты жұмыспен қамту орталықтары Комиссиясының қарастырылуына Бағдарламаның екінші бағыты құрамына енгізу үшін ықтимал қатысушылардың құжаттарын тапсырады.
Төртінші қадам: Халықты жұмыспен қамту орталықтары Комиссия ұсыныстарын есепке алып, өтініш берушісін Бағдарлама қатысушылары санына енгізу туралы (бас тарту туралы) шешім қабылдайды және шешім қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрінде шешімі туралы хабардар етеді.
Бесінші қадам: Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші бағытының құрамына енгізілген тұлғалармен әлеуметтік келісім-шарттар жасайды.
Алтыншы қадам: Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік келісім-шартының талаптарына сәйкес Бағдарлама қатысушыларын кәсіпкерліктің негіздерін оқуға жібереді және ол туралы кәсіпкерлікті дамыту бойынша өкілетті органына хабардар етеді.
Жетінші қадам: Бағдарлама қатысушысы жобаның бизнес-жоспарын дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығының өтініші бойынша микро кредит алуға өтініммен микро кредиттік ұйымға немесе кредиттік серіктестікке өтініш береді.
Сегізінші қадам: микро кредиттік ұйымы немесе кредиттік серіктестігі жобаға бағалау жасайды және микро кредит беру мүмкіндігі (мүмкіндігінің болмауы) туралы шешім қабылдайды.

Мемлекеттік қолдау құралдары
Бірінші: бюджеттік несие республикалық бюджетінен жергілікті атқару органына қайтарушылық, қамтамасыз етілгендік, мерзімділік пен төлемдік қағидаттарында беріледі.
Екінші: бюджеттік несиенің нысаналы мақсаты – өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толтыру. Несие пайдалану мақсатқа, алдында алған қарыздарды өтеуге, жылжымайтын мүлікті сатып алуға және де сауда саласында әрекет жасауға берілмейді.
Үшінші: несиелендіру мерзімі – бес жылға дейін. Несиенің ең жоғары мөлшері – үш миллион теңгеге дейін. Жергілікті атқару органына республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік несиенің сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
Төртінші: соңғы қарыз алушысына, шығын қаржы ұйымына несие бойынша 18 айға дейін мерзімге негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезең берілу мүмкін, бірақ ол несие мерзімінің ұзақтығынан үштен бір бөлігінен аспауға тиіс.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіздер мына мекен-жай бойынша өтініш жасай аласыз:

Мекен-жайы: 150000, СҚО, Петропавл қ., Парк к-сі, 57в
Тел.: 8 (7152) 53–36–17
e-mail: sk-finans@mail.ru


Инвестионный портал СКО

Сайт Президента РК

Сайт областного акимата Сайт городского акимата

Электронное правительство

МИТ

Invest.gov.kz















© 2013 ӘКК «Солтүстік»
Барлық құқықтар қорғалған.
Қазақстан Республикасы,

Солтүстік-Қазақстан облысы, 150000,
Петропавл қ., Парк көшесі, 57в

Тел.: +7 (7152) 50–08–30
Факc: +7 (7152) 53–15–44
E-mail: spk.sko@mail.ru