На главную страницу СПК «Солтүстік»

 Ru  Kz   En

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Солтүстік»


Растениеводство Хранение Животноводство Разработка недр Строительство








Курсы валют













Locations of visitors to this page





Besucherzahler
счетчик посещений


Яндекс.Метрика


Google+

КЕЖ-ға а/ш тауар өндірушілерінің қарыздарына кепіл болу
Азықтық бидай мен арпаны сатып алу жолымен көктемгі-егін және астық жинау жұмыстарын жүргізуге «Продкорпорация» ҰК» АҚ қаржыландыру шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарлар өндірушілерінің қарыздарына кепіл болу дегені.
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері бойынша Мемлекеттік комиссиясының 2012 жылғы 14 ақпандағы шешімімен 14 млрд. теңгеге дейін қаражатқа бюджеттік несие арқылы егін аймағының 1 га 6 мың теңге есебінен АШТӨ өтімді мүлігін кепілге қойып ӘКК қабылдау шартымен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілі астына азықтық бидай мен арпаны сатып алу жолымен көктемгі-егін және астық жинау жұмыстарын өткізуге қарыз алушыларды несиелендіру сұлбасына қолдау жасалды. Солтүстік Қазақстан облысына 3 277 млн. теңге бөлінді.
Сұлбасы
1. Астық сатып алу жолымен көктемгі-егін және астық жинау жұмыстарын өткізуге АШТӨ қаржыландыру
1.1. Үйлестіру кеңесі астық сатып алу жолымен көктемгі-егін және астық жинау жұмыстарын өткізуге қаржыландыру үшін АШТӨ тізімін бекітеді.
1.2. «Продкорпорация» ҰК» АҚ немесе Холдингтің еншілес компаниялары өткізген АШТӨ қолдау бағдарламалар бойынша алдында алған міндеттемелерді орындамаған/дұрыс орындамаған АШТӨ қаржыландыруға жатпайды.
1.3. «Продкорпорация» ҰК» АҚ ӘКК кепілін алғаннан кейін Үйлестіру кеңесі анықтаған АШТӨ қаржыландырады.
1.4. Астық сатып алу жолымен көктемгі-егін және астық жинау жұмыстарын өткізуге АШТӨ қаржыландыру бағдарламасы бойынша берген ӘКК кепілі кепілге қойылған өтімді кепілдік мүлігімен қамтамасыз етілу керек.
1.5. ӘКК-ы кепілді қарастырғанда және бергенде кепіл мөлшерінен 1 пайызға дейін мөлшерінде комиссия қоюға құқылы.
1.6. Астық сатып алу жолымен көктемгі егін және астық жинау жұмыстарын өткізуге АШТӨ қаржыландыруы егін аймағының бір гектарына 6 мың теңге есебінен аванс беру жолымен жасалады.
1.7. Астықтың сатып алу бағасы Экономиканы жаңғырту бойынша мемлекеттік комиссиясының шешімімен анықталады.
1.8. Жеткізілетін астық көлемі сатып алу бағасынан 3 пайыз мөлшерінде дисконт алғанда нақты қаржыландыру мөлшерінен шыға анықталады.
1.9. АШТӨ нақты қаржыландыру мөлшерінен 3 пайыз мөлшерінде сыйақыны төлеуімен астықты жеткізу және /немесе ақшалай қаражатты қайтару жолымен міндеттемелерді орындайды.
1.10.Астық жартылай жеткізілсе және/немесе уақытымен жеткізілмесе, және де ақша уақытымен қайтарылмаған жағдайда АШТӨ орындалмаған міндеттемелерді нақты қаржыландыру мөлшерінен 10 пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.
«Солтүстік» ӘКК кепілін алуға өтінім қарастыру үшін қажет құжаттардың тізімі
1. Өтінім
2. Кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері;
3. Кәсіпорынның СТТН түпнұсқалары мен көшірмелері;
4. Салықтық органымен салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздың болуы немесе болмауы туралы анықтамасы немесе салыстыру акті, 30 күнінен кеш емес;
5. Кәсіпорын және «Продкорпорация» ҰК» АҚ арасында жасалған қаржыландыру шартының түпнұсқасы мен көшірмесі;
6.Өтініш беру күні Кәсіпорынның кредиттік қарызы немесе қарыздары бойынша уақытымен төленбеген қарызының және басқа да орындалмаған талаптар бойынша қарызының болмауы туралы қызмет көрсететін банктердің анықтамалары, 30 күнінен кеш емес;
7. кепілге қойылған Кәсіпорын мүлігін бағалау туралы есебі, 6 айдан кеш емес;
8. мүлік бойынша ауыртпалықтардың болмауын дәлелдейтін құжаттар;
9. кепілге қойылған мүлік түріне байланысты басқа да құжаттар.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіздер мына мекен-жай бойынша өтініш жасай аласыз:

Петропавл қ., Парк к-сі, 57в, № 108 каб.
телефон: +7 (7152) 50–27–16
факс: +7 (7152) 53–38–78
e-mail: elubaev@spk-soltustik.kz

Инвестионный портал СКО

Сайт Президента РК

Сайт областного акимата Сайт городского акимата

Электронное правительство

МИТ

Invest.gov.kz















© 2013 ӘКК «Солтүстік»
Барлық құқықтар қорғалған.
Қазақстан Республикасы,

Солтүстік-Қазақстан облысы, 150000,
Петропавл қ., Парк көшесі, 57в

Тел.: +7 (7152) 50–08–30
Факc: +7 (7152) 53–15–44
E-mail: spk.sko@mail.ru