KZ/ RU/ ENG

«Солтүстік» ӘКК» АҚ Комплаенс қызметі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру аясында қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған кезекті тоқсан сайынғы іс-шараны өткізді.

Іс-шара барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптары, корпоративтік әдеп пен адалдық қағидаттары, сондай-ақ ашықтықты, адалдықты сақтау және мүдделер қақтығысына жол бермеу жөніндегі міндеттері түсіндірілді.

Сонымен қатар, қатысушыларға Қоғамда сыбайлас жемқорлық фактілері мен іскерлік әдеп нормаларының бұзылуы туралы хабарлау тетіктері туралы еске салынды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруда әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді.

Мұндай іс-шараларды тұрақты негізде өткізу Қоғамдағы корпоративтік мәдениетті нығайтуға, қызметкерлердің комплаенс мәдениеті мен құқықтық санасын арттыруға, сондай-ақ Қоғам қызметінде адалдық, ашықтық және заңдылық қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG