«Таза Қазақстан»: «Солтүстік» ӘКК сенбілікке белсене қатысты
Петропавл қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Игі іске «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының қызметкерлері де белсене атсалысты.
Аталған сенбілік барысында корпорацияның 26 қызметкері «Қызылжар-Акбастау» базары маңындағы аумақты тазалап, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосты. Қатысушылар айналаны қоқыстан тазартып, тазалық пен тәртіптің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
«Солтүстік» ӘКК ұжымы өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шараларға тұрақты түрде қатысып келеді. Мұндай бастамалар тек қаланың тазалығын сақтауға ғана емес, сонымен қатар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді.
Айта кету керек, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен бастау алған. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетті арттыру және «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаттарын кеңінен насихаттау.
Мұндай игі шаралар тұрғындарды тазалыққа, жауапкершілікке және туған жерге деген сүйіспеншілікке баулиды.
