“Солтүстік” ӘКК Комплаенс қызметі Кредиттеу бөлімдерінің қызметкерлерін оқытты
“Солтүстік “ӘКК” АҚ Комплаенс қызметі Кредиттеу бөлімдерінің қызметкерлері үшін семинар өткізді. Негізгі тақырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңнаманың талаптарын сақтау болды.
Семинарға қатысушылар пара алу, пара беру сияқты ұғымдарды талқылады. Комплаенс қызметі осындай құқық бұзушылықтар үшін қауіп төндіретін жауапкершілікті еске салды.
Несиелеу бөлімдерінің қызметкерлері жеке және заңды тұлғалармен тікелей жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу оларға ақшалай сыйақы туралы ұсыныс түскен жағдайда асығыс әрекет жасамауға және дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
“Солтүстік” ӘКК” АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт 2021 жылдан бастап қолданыста. Ол акционерлік қоғам қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында әзірленген