KZ/ RU/ ENG

ӘКК туралы мәліметтер

Жалпы ақпарат

2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар түрінде жаңа форматтағы ұлттық компанияларды құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауында ӘКК-ні жергілікті атқарушы органдарға беру тапсырылды.

2010 жылғы 1 қазанда “Тобыл “әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” акционерлік қоғамының акционерлері “Тобыл “әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” акционерлік қоғамы мен “Солтүстік “әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” акционерлік қоғамына бөлу арқылы ӘКК-ні қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы 2011 жылдың қаңтар айында құрылған.Қоғам құрылған сәттен бастап оның жалғыз акционері Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі болып келеді. 2024 жылдың соңына дейін акционердің функцияларын облыс әкімдігінің Қаржы басқармасы жүзеге асырды. 2025 жылғы қаңтардан 2026 жылғы шілдеге дейін бұл өкілеттік Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына жүктелді. Ал 2026 жылғы шілдеден бастап акционердің функцияларын облыс әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жүзеге асыруда.
2012 жылы Қоғамға ұлттық компания мәртебесі берілді.
2018 жылдың қыркүйегінде Қоғамның атауы өзгертіліп, «Ұлттық компания «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталды.

 

Миссия, көзқарас, мақсат.

Компанияның миссиясы-мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарында Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.

Компанияның пайымы-Солтүстік Қазақстан облысының өсу нүктелерінде, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы экономикалық белсенділікті ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастырудың катализаторы болып табылатын активтерді тиімді басқаратын өңірлік даму институты.

Компанияның мақсаты-бизнес-бастамаларды қолдау және өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру.

 

“Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы-бұл әрбір кәсіпкер үшін ыңғайлы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа мүмкіндіктері.

Біз ашық диалог пен жемісті жұмысқа дайынбыз. Біз сіздермен ең жақсысын – мемлекеттің мүмкіндіктері мен бизнес идеяларын біріктіре аламыз. Біздің басты міндетіміз-мемлекеттік активтерді пайдалану есебінен Сіздермен бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысының аумағында бизнес-жобаларды іске асыру.

“Солтүстік” ӘКК ” АҚ-бұл серіктестердің жетістігінсіз компанияның табысы мүмкін емес екеніне сенімді кәсіпқойлардың ұйымшыл ұжымы. Бізбен сіз жаңа табысты бизнес ашасыз. Сіздің кәсіпорыныңыз республикалық және әлемдік нарықта лайықты орын ала алады. Сіз Қазақстанға дамудың жаңа экономикалық деңгейіне шығуға көмектесесіз.

Қызмет түрлері:

Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғам құру мақсаттарына қайшы келмейтін өзге де қызмет.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG