KZ/ RU/ ENG

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу

Жалпы ақпарат

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды жеңілдетілген кредиттеу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама азық-түлік өнімдерінің импортын қысқартуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары:

Агроөнеркәсіптік кешен саласында жаңа кәсіпорындар құруға немесе қолданыстағы кәсіпорындарды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру:

Қатысу шарттары

АӨК саласындағы жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары

  1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша импортты алмастыруды ескере отырып, салалық орындылығы.
  2. Өңір халқын сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету.
  3. Уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру.
  4. Өтініш берушінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы немесе кәсіпорын басшысының осы саладағы кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы.
  5. Кредиттік есеппен расталған, кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша 90 күннен асатын мерзімі өткен берешектің болмауы.
  6. Берік жемшөп базасын қалыптастыруға жеткілікті ауыл шаруашылығы жерлерінің және ауыл шаруашылығы техникасы паркінің материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуы.
  7. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы.
  8. Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңына сәйкес тарату, банкроттық, оңалту рәсімдерінің немесе қызметін тоқтата тұрудың болмауы.
  9. Қарыз алушының бюджет кредиттері есебінен емес, құжаттармен расталған жоба құнының кемінде 10%-ы мөлшерінде өз қаражаты есебінен қоса қаржыландыруды қамтамасыз етуі.
  10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген, құқығын және бағалау құнын растайтын құжаттар ұсынылған, кредит сомасының кемінде 30%-ын құрайтын өтімді кепіл мүлкімен қамтамасыз ету.
  11. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 9-1-тарауына сәйкес жобаға оң сараптама қорытындысының болуы (сараптама талап етілетін жобалар үшін).

Құжаттар тізбесі

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу бағдарламасы бойынша кредит рәсімдеу үшін ұсынылатын құжаттар:

  1. Қаржыландыруға өтінім және сауалнама.
  2. Кредиттік бюроға, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына берілген кредит туралы және шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы немесе орындалмауы туралы ақпаратты ұсынуға және алуға келісім.
  3. Кредиттік бюродан алынған кредиттік есеп (15 күнтізбелік күннен аспауы тиіс). Қолданыстағы кредиттері болған жағдайда – тиісті банктерден қарыз берешегі туралы анықтама.
  4. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік беретін бизнес-жоспар.
  5. Кәсіпорынның немесе кәсіпорын басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар.
  6. Жемшөп базасын қалыптастыру үшін ауыл шаруашылығы жерлерінің және ауыл шаруашылығы техникасы паркінің материалдық-техникалық жарақтандырылуының бар екенін растайтын құжаттар.
  7. Жоба құнының кемінде 10%-ы мөлшерінде өз қаражатының және (немесе) өз мүлкінің қатысуын растайтын құжаттар.
  8. Ұсынылатын кепіл мүлкіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары.
  9. Кепіл мүлкін тәуелсіз бағалау туралы есеп.
  10. Кредиттеу нысанының құнын растайтын құжаттар.

Заңды тұлғалар үшін:

Жеке тұлғалар үшін:

Қажет болған жағдайда қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.

Кеңес алу

Кеңес алу үшін мына мекенжайға хабарласуға болады:

Петропавл қаласы, Н. Назарбаев көшесі, 69
(Кредиттеу және жобаларды басқару департаменті)

Телефон: +7 (7152) 50 08 32.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG