«Агробизнес – мал шаруашылығы»
«Агробизнес – мал шаруашылығы» мал шаруашылығын дамытуға арналған жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2026–2030 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында қабылданды.
Бағдарламаның мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу және елдегі асыл тұқымды мал қорын жаңарту.
Бағдарлама асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарды қолдауға бағытталған.
Бағдарлама шарттары
- Несиелендіру мерзімі:
1) ІҚМ бағыты бойынша:
- етті бағыт – 84 айға дейін;
- сүтті бағыт:
- инвестициялық шығындары бар, инвестициялық кезеңде тұрған немесе өтінім берілген күнге дейінгі 24 айдан ерте емес уақытта қаржы институттарынан инвестициялық мақсаттарға (құрылыс, кеңейту, жаңғырту) алынған/алынатын қолданыстағы қарыздары бар кәсіпорындар үшін – 84 айға дейін;
- инвестициялық шығындары жоқ кәсіпорындар үшін (қолданыстағы өндірістік қуаттар шеңберінде мал басын жаңарту) – 60 айға дейін.
Көрсетілген шекті мерзімдер шегінде транш мерзімін жобаның өзін-өзі ақтау мерзіміне қарай белгілеу ұсынылады.
2) ҰММ, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, шошқа шаруашылығы және марал шаруашылығы бағыттары бойынша – 84 айға дейін.
- Кредит қаражатының мақсатты пайдаланылуы қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады.
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен бекітілген жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу ұйымдарына есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес берілген есептік нөмірдің болуы.
Бұл талап жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға арналған несиелендіру бағдарламасына қатысушыларға және объектілер пайдалануға берілгенге дейін өсімдік шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қолданылмайды.
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өтініш берушіге/қарыз алушыға берілген ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы.
- Сатып алынған мал басын Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру ақпараттық жүйесінде (АЖСЖ) және Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында (САЖАБ) есепке қою және есептен шығару есебін жүргізу.
- Сатып алынатын асыл тұқымды малдың ең төменгі саны:
1) «Береке» бағыты бойынша:
- ІҚМ – 500 бастан бастап;
- ҰММ – 1 000 бастан бастап.
2) «Игілік» бағыты бойынша:
- ІҚМ – 100-ден 499 басқа дейін;
- ҰММ – 500-ден 999 басқа дейін.
- Жұмыс тәжірибесі:
- «Береке» бағыты бойынша – өтініш берушінің/қарыз алушының ауыл шаруашылығы саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
- «Игілік» бағыты бойынша – түйе шаруашылығы/шошқа шаруашылығы/омарта шаруашылығы/марал шаруашылығы саласында өтініш берушінің/қарыз алушының ауыл шаруашылығы саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
- Соңғы қарыз алушыға қаржыландыру алу үшін облыс әкімдігі жанындағы Үйлестіру кеңесінің/Комиссияның ӘКК атына берген қолдаухатының болуы.
- Жобаның қаржыландыру мерзімі ішінде өзін-өзі ақтауы.
- Тауарлар (қызметтер) өткізу нарықтарының болуы.
- Биологиялық активтерді жеткізушілерді таңдау мәселелерінің пысықталған болуы.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген рұқсат беру құжаттары болмаған жағдайда, Қоғам қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағыт шеңберінде жобаларды қаржыландыруға жол берілмейді.
Сатып алынатын ІҚМ-ға қойылатын талаптар
- Қарыз алушыдағы карантиннен шығарылған сәттегі сатып алынатын асыл тұқымды малдың жасы:
- етті бағыттағы аналық мал – 9–18 ай аралығы;
- сүтті бағыттағы қашарлар – 12–17 ай аралығы;
- сүтті бағыттағы буаз құнажындар (буаздық мерзімі 5 айдан аспауы тиіс) – 18–26 ай аралығы;
- етті бағыттағы асыл тұқымды бұқалар – 12–26 ай аралығы.
- Етті бағыттағы ІҚМ сатып алған жағдайда, өсімін молайту үшін бірінші санаттағы асыл тұқымды бұқаларды пайдалану қамтамасыз етілуі тиіс: 1 бұқаға 30 бастан аспайтын аналық мал есебінен және/немесе ұрықтандыру актілерімен расталатын қолдан ұрықтандыруды пайдалану.
- Қарыз алушы сатып алынатын асыл тұқымды ІҚМ-ды RFID-чиптермен сәйкестендіруге тиіс. Деректерді жинақтау мүмкіндігі бар RFID-чип сканерлерін пайдалану қажет.
- Қарыздың барлық мерзімі ішінде сатып алынатын барлық аналық ІҚМ басының саны бойынша төмендетілмейтін қалдықты қамтамасыз ету.
- Асыл тұқымды ІҚМ сатып алу кезінде мынадай құжаттардың болуы қамтамасыз етілуі тиіс:
- асыл тұқымдық куәлік немесе оған теңестірілген құжат;
- қаржыландыру басталғанға дейін ветеринариялық органдардан импортталатын ІҚМ-ды Қазақстан Республикасына әкелуге және оның аумағы бойынша тасымалдауға рұқсат алынғанын растайтын құжаттарды ұсыну;
- тиісті тұқым бойынша республикалық палатада тіркелу және оны растайтын құжаттарды ұсыну.
- Импортталатын ІҚМ-ның бір басына белгіленген шекті баға
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2026 жылғы 10 маусымдағы № 2-4-3/2044-И хатына сәйкес белгіленген мөлшерден аспауға тиіс:
- сүтті бағыттағы қашарлар – 1 басқа 1 800 000 теңгеге дейін;
- сүтті бағыттағы құнажындар – 1 басқа 2 100 000 теңгеге дейін;
- асыл тұқымды бұқалар – 2 100 000 теңге.
- Етті бағыттағы импортталатын аналық ІҚМ-ның 8–18 айлық бір басын сатып алуға арналған қаржыландырудың шекті мөлшері
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2026 жылғы 22 шілдедегі № 2-4-3/2656-И хатына сәйкес:
- Оңтүстік Америка елдерінен, оның ішінде:
- Бразилия – 1 800 000 теңге;
- Уругвай – 1 900 000 теңге;
- Солтүстік Америка елдерінен – 2 300 000 теңге;
- Австралиядан – 2 000 000 теңге;
- Еуропа елдерінен – 1 700 000 теңге;
- Ресей Федерациясынан – 1 700 000 теңге.
Сатып алынатын ҰММ-ға қойылатын талаптар
- Сатып алынатын асыл тұқымды аналық малдың сатушыда (экспорттаушыда) карантиннен шығарылған кездегі жасы:
- қойдың аналық басы – 4–18 ай;
- ешкінің аналық басы – 6–18 ай;
- асыл тұқымды қошқарлар – 4–18 ай;
- асыл тұқымды текелер – 18–36 ай.
- Меншікті және/немесе кредит қаражаты есебінен сатып алынатын асыл тұқымды қошқарлардың болуы міндетті. ҰММ санының арақатынасы: 25 аналық басқа 1 асыл тұқымды қошқар/теке.
Балама ретінде осы салаға маманданған ұйыммен қолдан ұрықтандыру жүргізу туралы шарт немесе меншігінде асыл тұқымды қошқары/текесі бар тұлғамен ұрықтандыру қызметтерін көрсету туралы шарт жасалуы және растайтын құжаттар қоса берілуі тиіс.
- Қарыз алушы сатып алынатын асыл тұқымды ҰММ-ды RFID-чиптермен/биркалармен сәйкестендіруге тиіс. Деректерді жинақтау мүмкіндігі бар RFID-чиптерді/биркаларды сканерлеу құрылғыларын пайдалану қажет.
- Қарыздың барлық мерзімі ішінде сатып алынатын барлық аналық ҰММ басының саны бойынша төмендетілмейтін қалдықты қамтамасыз ету.
- Асыл тұқымды ҰММ сатып алу кезінде мынадай құжаттардың болуы қамтамасыз етілуі тиіс:
- асыл тұқымдық куәлік немесе оған теңестірілген құжат;
- қаржыландыру басталғанға дейін ветеринариялық органдардан импортталатын ҰММ-ды Қазақстан Республикасына әкелуге және оның аумағы бойынша тасымалдауға рұқсат алынғанын растайтын құжаттарды ұсыну;
- тиісті тұқым бойынша республикалық палатада тіркелу және растайтын құжаттарды ұсыну.
- Импортталатын ҰММ-ның бір басына белгіленген шекті баға
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 2-4-3/5405 хатына сәйкес:
- қойдың аналық басы – 500 000 теңге;
- асыл тұқымды қошқарлар – 900 000 теңге;
- ешкінің аналық басы – 150 000 теңге;
- асыл тұқымды текелер – 250 000 теңге.
Мамандарға қойылатын талаптар (агросүйемелдеу)
Штатта ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығында, мал өсіру технологиясында жұмыс тәжірибесі бар ветеринариялық дәрігердің/зоотехниктің болуы немесе көрсетілген мамандармен/осындай мамандардың қызметтерін көрсететін ұйымдармен кемінде бір жыл мерзімге қызмет көрсету туралы шарттың болуы қажет.
Қаржылық және құрылымдық талаптар
- Таза келтірілген құнның (NPV) оң мәнінің, инвестициялық жобаның тиімділігінің (IRR > WACC) және өзін-өзі ақтау мерзімінің қаржыландыру мерзімінен аспауының есебі болуы тиіс.
- Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең:
1) Етті бағыт:
- қашар сатып алған кезде – 30 айдан аспайды;
- құнажын сатып алған кезде – 24 айдан аспайды.
Бұл ретте алғашқы төлем қаржыландырылған күннен бастап үшінші жылдың қараша айынан кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.
2) Сүтті бағыт:
- инвестициялық шығындары бар, инвестициялық кезеңде тұрған немесе өтінім берілген күнге дейінгі 24 айдан ерте емес уақытта қаржы институттарынан инвестициялық мақсаттарға алынған/алынатын қолданыстағы қарыздары бар кәсіпорындар үшін – 24 айдан аспайды;
- инвестициялық шығындары жоқ кәсіпорындар үшін (қолданыстағы өндірістік қуаттар шеңберінде мал басын жаңарту) – 18 айдан аспайды.
3) ҰММ:
- 24 айдан аспайды.
Ұсынылатын талаптар
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ҚҚС төлеу.
- Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу – жыл сайын қараша және желтоқсан айларында. Қарыз алушының қызмет бағыты мен бизнес-жоспарына, операциялық цикліне және басқа да қызмет түрлеріне байланысты Кредит комитетінің шешімімен жеке өтеу кестесі белгіленуі мүмкін.
- Сатып алынатын асыл тұқымды малды жыл сайын міндетті түрде сақтандыру.
- Жобаны іске асыруға арналған қаражаттың жұмсалуын бақылау үшін, қажет болған жағдайда валюталық шотты қоса алғанда, арнайы шот ашу.
- Елді мекендерден қашықтық – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес «Қоршаған орта мен адамның денсаулығына әсер ететін объектілердің санитариялық-қорғау аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғау аймағын белгілеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес болуы тиіс.
Бұл талап тек жаңа жобаларға және/немесе кеңейту/жаңғырту шеңберінде тиісті объектілердің құрылысын көздейтін жобаларға қолданылады.
Өндірістік инфрақұрылымның, объектілердің бар екенін растау ретінде бірлескен қызмет/мүлікті бірлесіп пайдалану туралы шарттарды немесе көрсетілген мүлікті жалға алу шарттарын қабылдауға жол берілмейді.
Биологиялық активтерді сатып алуға арналған шарттарда мына талаптар болуы тиіс:
- саны, шыққан елі, тұқымы, жасы және жынысы көрсетілуі тиіс;
- сатушы жануарлардың Қазақстан Республикасының ветеринариялық бақылау қызметі бекіткен талаптарға сәйкес келетініне кепілдік береді;
- жөнелтілгенге дейін жануарлар ветеринариялық заңнамаға сәйкес карантиннен өтуі тиіс;
- сатушы іріктелген жануарларды жөнелтілгенге дейін де, тасымалдау кезінде де зоотехникалық нормалардың талаптарына сәйкес ұстауға міндетті. Жануарлардың физиологиялық жағдайының төмендеуіне жол бермеу үшін азықтандыру рационы толыққанды болуы тиіс;
- төлем талаптары сақталған жағдайда, бір бас жануардың бағасы шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады;
- сатушы өз қаражаты есебінен жануарларды жеткізу пунктіне дейін тасымалдау кезеңінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы карантиннің толық мерзімі ішінде жануарлардың өлуі мен ауруға шалдығу қаупінің алдын алуға, сондай-ақ тасымалдау кезіндегі жарақаттар/карантин кезеңінде анықталған аурулар салдарынан мәжбүрлі түрде сою тәуекелін болдырмауға міндетті;
- меншік құқығы қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған сәттен бастап ауысады.
Мал шаруашылығына арналған жемшөп базасына қойылатын талаптар
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы:
1) Етті бағыттағы ІҚМ үшін:
- жайылым – кемінде 1,5 га;
- суарылмайтын шабындық/егістік – кемінде 0,75 га;
- суармалы егістік – кемінде 0,25 га;
әрбір 1 басқа шаққанда.
2) Сүтті бағыттағы ІҚМ үшін:
- суарылмайтын егістік – 0,75 га;
- немесе суармалы егістік – 0,25 га
әрбір 1 бас ІҚМ-ға шаққанда.
Қаржыландырудың бүкіл мерзімін қамтитын ұзақ мерзімді жалдау шарттары болған жағдайда, орман қорының жерлерін пайдалануға жол беріледі.