СҚО әкімі тұрақтандыру қорының сауда нүктелеріне барды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрақтандыру қорының өнімі сатылатын “Солтүстік” ӘКК” АҚ сауда нүктелеріне барды.
Жыл сайын тұрақтандыру қорына азық-түлік сатып алуға облыстық бюджеттен қаражат бөлінеді. Биылғы жылы сома 3,3 млрд теңгені құрайды.
Тұрақтандыру қорына 13,2 мың тонна өнім (1 сортты ұн, түтік кеспе, қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, тұз, қант, картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз, тауық еті мен сиыр еті) және 10,5 млн дана жұмыртқа сатып алынды. Көлемі қала тұрғындарының 3 айлық қажеттілігі бойынша анықталады, азық-түлік үшін 30%, көкөністер мен сиыр еті үшін-50%.
-Облыста әлеуметтік маңызы бар өнімдерге сауда үстемесі 15% – дан аспайды. Барлық өнімдер ірі сауда желілерін қоса алғанда, 32 сауда нүктесі, сондай-ақ Петропавл қаласы мен Бескөл ауылында тұрақтандыру қорының 8 нүктесі арқылы сатылады. Бағаның өсуіне жол бермеуді арнайы мониторингтік топ жүзеге асырады,- деп атап өтті өңір басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жаңа тізбесін бекіткенін атап өтті. Енді оған 31 өнім атауы кіреді (бұрын – 19).
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің суреті


