Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларына сәйкес өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін «Солтүстік ” ӘКК ” АҚ хабардар етеді.
Несиелеу шарттары:
– Сыйақының номиналды пайыздық мөлшерлемесі-жылдық 2,5%.
– Несие сомасы-5 (бес) миллиард теңгеден аспайды;
– Микрокредит мерзімі – 10 (он) жылға дейін;
– Жеңілдікті кезең: негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 (жиырма төрт) айдан аспайды.
Несиелеу бағыттары:
— Бағыт бойынша кредит беру – сүт-тауар фермалары (400 бастан бастап);
Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:
— Құқық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігін (жеке тұлғалар үшін)иелену;
— Банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтын болуы;
— Агроөнеркәсіптік кешен саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
— БАНК, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
— Кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің 90 (тоқсан) күннен артық болмауы;
— Салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
– Қаржылық тұрақты болу;
— Берік жемшөп базасын қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңының болуы;
— Қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына ие болу
Қосымша ақпаратты “Солтүстік “ӘКК” АҚ-нан мына мекен-жай бойынша алуға болады: Солтүстік Қазақстан облысы., Петропавл қ., Н. Назарбаев к-сі, 69, каб. № 9, телефон: +7 7152 50 08 32
Өтінімдер қағаз жеткізгіште 2023 жылғы 04 қазаннан бастап құжаттардың белгілі бір тізбесіне сәйкес мына мекенжай бойынша қабылданады: Петропавл қ., Н. Назарбаев к-сі, 69, 3 қабат, 9 кабинет 09:00-ден 18:00-ге дейін түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін. Сенбі, жексенбі демалыс күні.
№ 1 қосымшаға сәйкес қарыз алу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
АӨК құжаттар тізімі