«Солтүстік» ӘКК» АҚ ҰОС ардагерлерін құттықтады
«Солтүстік» ӘКК» АҚ қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барып, сыйлықтр табыс етті.
Өңірімізде Жеңістің 79 жылдығын тек төрт қана майдангер қарсы алды: Валентина Волкодав- 102 жасқа толды, Василий Макиенко- 98 жаста, Федор Щеголов – 97 жаста және Дмитрий Сергеев- 96 жаста. Олардың барлығы Петропавл қаласында тұрады.
Соғыс жылдарын олар ауыр еске алады. Сонымен бірге қуанышты оқиғалар мен кездесулерді еске алады. Балалары мен немерелерінің жетістіктерімен бөлісуде. Әрқайсысы барлығына оптимизмді жоғалтпауды, мықты денсаулық пен бейбіт аспан тілейді.
«Солтүстік» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Жақсылық Есдаулетов өз құттықтауында өсіп келе жатқан ұрпақ ардагерлердің батылдығы, олардың Отан алдындағы борышына адалдығы мен сүйіспеншілігін жадыларында сақтау керектігін атап айтты.