KZ/ RU/ ENG

“Солтүстік” ӘКК ” АҚ балаларға көмектеседі

“Солтүстік” ӘКК ” АҚ солтүстікқазақстандық 10 балаға мектепке рюкзактар жинауға және Жезқазған қаласының қызына мүгедектер арбасын сатып алуға көмектесті
Тамыз айында корпорацияға жастар ресурстық орталығының қызметкерлері “Мектепке жол” жобасы аясында бірінші сынып оқушыларына көмек сұрап жүгінді.  Өтініш-хатқа 10 баланың тізімі қоса берілді, оның ішінде үшеуі Петропавлдан.
“Солтүстік” ӘКК ” АҚ Басқарма отырысында көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жалпы сомасы 400 мың теңгеден астам рюкзак пен кеңсе тауарларын сатып алуға конкурс өткізілді.  Оқу үшін қажетті керек жарақтардың толық жиынтығы бар мектеп сөмкелері оқу жылы басталар алдында балаларға табысталды.
Бұған дейін көктемде “Солтүстік” ӘКК ” АҚ-ға “Spina Bifida қоғамы” қоғамдық қорының өкілдері Жезқазғаннан келген кішкентай қызға арналған мүгедектер арбасын сатып алуға көмек сұрап жүгінген болатын. Ауыр ауруы бар баланы тек әжесі тәрбиелейді. Әлеуметтік желілер арқылы қоғам қайраткерлері 130 мың теңгеден астам қаражат жинады. Қорда қызға қажетті Otto Bock фирмасының белсенді үлгісіндегі арба құны екі миллион теңгеден асатынын атап өтті.
“Солтүстік” ӘКК ” АҚ Басқарма отырысын өткізді, онда 500 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданды. Ақша қордың шотына аударылды, ол кейіннен балаға мүгедектер арбасын сатып алу туралы есеп берді.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG