“Солтүстік” ӘКК АҚ мал шаруашылығына кредит беруге өтінімдерді қабылдауды тоқтата тұрады
“Солтүстік” ӘКК АҚ хабарлайды: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Премьер-Министрінің орынбасарының бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу жөніндегі жобаларға шағын кредит беруге қаржыландыру жоспарына сәйкес әрбір облыс үшін көзделген қаржыландырудың жалпы сомасының 40% – нан аспайтын мөлшерде жол беріледі.
Мал шаруашылығы саласындағы жобаларды қаржыландыру лимиті таусылғанына байланысты “Солтүстік” ӘКК АҚ аталған бағыттағы жобаларға кредит беруге өтінімдерді қабылдауды тоқтата тұрады.