KZ/ RU/ ENG

“Ауыл аманаты “өңірде сұранысқа ие

“Солтүстік” ӘКК АҚ Басқарма төрағасы Жақсылық Есдәулетов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тогжановты “Ауыл аманаты”бағдарламасының іске асырылуы туралы хабардар етті.

ӘКК бағдарламаның сенімді агенті ретінде әрекет етеді. Өткен жылы оны жүзеге асыруға 1,8 млрд теңге бөлінді.

– Бағдарлама Солтүстік Қазақстан облысында өзінің сұранысын көрсетті. Оған аймақ тұрғындары белсенді қатысты. Біз өтінімдерді қабылдауды 8 маусымда бастадық және шілде айының ортасында тоқтаттық. Бағдарламаны қалайтындар көп болғанымен, біз бөлінген сомамен шектелдік. Тәжірибе көрсеткендей, несиелеу шарттары оңтайлы. Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларымен біз оларға әр кезеңде кеңес бердік. Құжаттар топтамасын қалыптастырудан бастап жобаны толық іске асыруға дейін, – деді Ж. Есдәулетов

Өткен жылы барлығы 236 жоба қаржыландырылды. Берілген жеңілдетілген қарыздың орташа сомасы 7,6 млн теңгені құрады. Негізінен ауыл тұрғындары мал шаруашылығын дамытуға, техника мен жабдықтар сатып алуға, сауда және қызмет көрсету объектілерін ашуға өтінім берді.

– Іске қосылған жобалар ауыл тұрғындарына тұрақты табыс әкелуде. Сонымен қатар, жаңадан бастаған кәсіпкерлердің өздері қосымша жұмыс орындарын ашады. Біздің облыста халықтың 50% – дан астамы жұмыспен қамту мәселесі өзекті болып табылатын ауылдық жерлерде тұрады. “Ауыл аманаты” сияқты бағдарламалар ауыл тұрғындарын жұмыспен және тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ж.Есдәулетов.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG