“Солтүстік” ӘКК ауылдық жәрмеңкесіне 7 тоннадан астам өнімді әкелді
“Солтүстік” ӘКК М.Жұмабаев ауданы Булаев қаласында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысты.
Аудан орталығына ӘКК тұрақтандыру қорынан жеті тоннадан астам өнім әкелді. Оның ішінде 500 кг күріш, 450 кг қарақұмық жармасы мен тұз, 400 кг түтік кеспе, 240 литр күнбағыс майы, 260 кг тауық еті, 360 қаптама бірінші сұрыпты ұн, 1800 дана жұмыртқа, бір тоннадан сәбіз, картоп, пияз және қырыққабат.
Тұрақтандыру қорының сапалы өнімі қолайлы бағамен ауыл тұрғындары арасында сұранысқа ие. Әдетте, азық-түлік бірнеше сағат ішінде сатылады.
Ауыл тұрғындары “Солтүстік” ӘКК-нің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне келуін әрдайым күтетінін атап өтті.
Солтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 атауының 14-і сатып алынады. Өнімді өңірде өндірілмейтінін қоспағанда, жергілікті тауар өндірушілерден сатып алады. “Солтүстік” ӘКК ” АҚ тұрақтандыру қорын қалыптастырады.