Үлкен жоба: “Солтүстік” ӘКК бес сүт фермасының құрылысын қаржыландыруды мақұлдады
“Солтүстік” ӘКК АҚ агрожобаларды жеңілдікпен кредиттеу бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау жөніндегі үлкен жоба шеңберінде алғашқы бес сүт-тауар фермасының құрылысына қарыз беруді қарады және мақұлдады.
Механизмді “Атамекен-Агро Корнеевка” ЖШС (Корнеевка ауылы, Есіл ауданы), “Азия Тарангул” ЖШС (Тарангул ауылы, Есіл ауданы), “Гердт” ШҚ (Власовка ауылы, Аққайың ауданы) және “Нежинка Ерке” ЖШС (Нежинка ауылы, Ғ. Мүсірепов атындағы аудан) және “Зеленые луга” ЖШС (Красная поляна ауылы, Тайынша ауданы) пайдаланды.
Агроқұрылымдар тиісінше 1300, 800, 400 және 600 басқа арналған сүт-тауар фермаларын салады. Ауыл тұрғындары үшін 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Әркімнің қарыз сомасы әр түрлі, ферманың қуатына байланысты. Барлығына несие беру шарттары бірдей. Қарыз 10 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2,5% – бен беріледі. Жеңілдік кезеңі қаржыландыру сәтінен бастап екі жылға дейін.
Құны 1,5 млрд теңге болатын “Атамекен-Агро Корнеевка” ЖШС және құны 1 млрд теңге болатын “Азия Тарангул” ЖШС фермасын салу жобасы қаржыландырылды.
Солтүстік Қазақстан облысының сүт-тауар фермаларын салуға барлығы 17 млрд теңге бөлінді. 18 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қаржыландыру “Солтүстік” ӘКК ” АҚ арқылы жүзеге асырылады.
Солтүстік Қазақстан облысының сүт-тауар фермаларының құрылысын қаржыландыру бойынша оң тәжірибесін Мемлекет басшысы қыркүйек айындағы Жолдауында атап өтті.