“Солтүстік” ӘКК тұрақтандыру қорына май мен тұз вагоны келді
Тұрақтандыру қорының қоймаларына өсімдік майы мен тұздың қосымша көлемі түсті.
Сауда нүктелеріне өнімді үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін Алматы облысынан бір вагон “Дельное” күнбағыс майы тұрақтандыру қорына уақтылы келді.
Тұрақтандыру қорынан сатылатын тұз халық арасында үлкен сұранысқа ие. Оның қорлары уақтылы толтырылады. Қызылорда облысынан бір вагон өнім сатып алынды.
Естеріңізге сала кетейік, тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 атауының 14-і сатып алынады. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен қаражат бөлінеді. “Солтүстік” ӘКК ” АҚ тұрақтандыру қорын қалыптастырады.
Облыста өндірілмейтінді қоспағанда, өнімді жергілікті тауар өндірушілерден сатып алады (күріш, қант, күнбағыс майы, тұз). Сатып алу қарыз, форвардтық сатып алу және жеткізу шарттарын жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Сауда нүктелерінің тізімі және тұрақтандыру қоры өнімдерінің өзекті бағалары “Солтүстік” ӘКК сайтында орналастырылады.