Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күніне “Солтүстік” ӘКК қатысады
“Солтүстік “ӘКК” АҚ Басқарма төрағасы Жақсылық Есдәулетов азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күніне қатысады.
Өңір тұрғындары әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның қызмет саласына қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес ала алады.
Іс-шара оқушылар сарайында өтуде. Азаматтарды қабылдауды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нұрмұхамбетов, Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев, олардың орынбасарлары мен барлық мемлекеттік органдардың басшылары жүргізеді.
Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.