KZ/ RU/ ENG

СҚО Қызылжар ауданы Ташкентка ауылында 400 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасы салынды

” Крестьянский двор СК ” ЖШС-не Айршир тұқымды сиырлар әкелінді, олар жоғары сауынмен және сапалы сүтпен ерекшеленеді. Құны 1,5 млрд теңге болатын жоба “Солтүстік” ӘКК қолдауымен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды корреспондент 7152.kz

Өткен жылы мұнда Айршир тұқымының 102 тайыншасы әкелінді, ал жақында “СК Крестьянский двор” ЖШС Ресей Федерациясынан тағы 166 төлдемеген малмен толықтырылды.

Қазір малдар 30 күндік карантинде. Фермерлік шаруашылықта барлығы 300-ге жуық ірі қара мал бар. Сүт өңделеді, ал дайын өнім — май, сүзбе, ірімшік  Қазақстан қалаларының ірі дүкендерінің сөрелеріне жеткізіледі

Айта кетейік, фермада 400 басқа арналған негізгі ғимарат және сауу-сүт блогы салынды. Барлық қажетті жабдықтар жеткізілді: қора, сауу залы, сүт жабдықтары, сиыр төсеніштері және т.б.

Қазіргі уақытта мұнда 30-ға жуық адам жұмыс істейді, тағы 20 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Осындай заманауи сүт-тауар фермаларын дамыту өңірдің ауыл шаруашылығын нығайтудағы маңызды кезең болып табылады

 

https://www.7152.kz/news/3984388/v-sele-taskentke-kyzylzarskogo-rajona-sko-postroili-sovremennuu-molocno-tovarnuu-fermu-na-400-golov

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG