СҚО-да қағаз фабрикасы іске қосылды
“Біз экономикамызды әртараптандырамыз. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, индустриялық салада жаңа секторларды дамытамыз. Біздің өңірде тағы бір жаңа өндіріс ашылуда: қағаз өнімдері фабрикасы іске қосылды. Бұл СҚО экономикасы үшін мүлдем жаңа бағыт”, – деп жазды СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желілердегі парақшасында.
2,5 млрд. теңге инвестиция салынды. “Қарапайым заттар экономикасы”желісі бойынша жеңілдікті несие берілді. 80 жаңа жұмыс орны құрылды. Қағаз фабрикасы жыл сайын 200 млн. теңге салық төлейтін болады.
Қазір біздің елімізге шығарылғаннан 2 есе көп қағаз өнімдері импортталады. Қағаз импортын төмендету үшін маңызды инвестициялық жоба іске асырылды. Зауыт жылына 3 млрд. теңгеге 5 мың тоннадан астам өнім шығарады. Бұл қағаз майлықтар, қағаз сүлгілер, А4 қағаз. Барлығы 20 өнім түрі. Қазақстан бойынша гигиеналық қағаз импорты 16% – ға төмендейді. Айта кету керек, өндіріс көлемі бойынша Солтүстік Қазақстан фабрикасы “Карина”компаниясынан кейін ел бойынша екінші орында болады.