KZ/ RU/ ENG

СҚО-да жаңа жартылай фабрикаттар цехы іске қосылды

“Біздің міндетіміз-мүмкіндігінше жаңа жұмыс орындарын ашу. Бұл үшін мемлекет кәсіпкерлерге жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға көмектеседі. Тиісінше, өндіріс көлемі мен салық түсімдері өсуде”, – деп жазды СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Бұл ретте Максим Калининнің  үлгісі айқын, оның “Максимальный размах” компаниясы ет және көкөніс жартылай фабрикаттарының жаңа цехын іске қосты. Мұнда өнімнің 93 түрі шығарылады. Өндіріс үшін жергілікті шикізат қолданылады. Еуропалық жабдықты сатып алуға 1,3 млрд. теңге жұмсалды. Мемлекет инфрақұрылымды қосуға көмектесті.

Кәсіпорында 138 адам жұмыс істейді. Жаңа  цехтың арқасында штат саны 250 адамға дейін кеңейеді. Тиісінше, өндіріс көлемі айына 240-тан 700 тоннаға дейін өседі. Компания көбірек салық төлейді. Өткен жылы бюджетке 26 млн.теңге түсті, ал болашақта 100 млн. теңгеге дейін жеткізіледі.

Жалпы, облыс бойынша 5 жыл ішінде азық-түлік өндірісінің көлемі 1,7 есеге, өткен жылы 98 млрд теңгеден 168 млрд теңгеге дейін өсті. Биыл біз көп нәрсені күтеміз.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG