KZ/ RU/ ENG

Тұрақтандыру қорында-11 мың тоннадан астам өнім бар

“Солтүстік” ӘКК ” АҚ өңірде тұрақтандыру қорын қалыптастырады.

Жыл сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алуға облыстық бюджеттен қаражат бөлінеді. Биылғы жылы сома 2,5 млрд теңгені құрайды.

19 атаудың 14 і тұрақтандыру қорына сатып алынады.

10 қыркүйектегі жағдай бойынша тұрақтандыру қорында 11,7 мың тоннадан астам өнім және 5776 мың жұмыртқа бар. Оның ішінде 4520 тонна ұн, 263 тонна түтік кеспе, 408 тонна күріш, 540 тонна қарақұмық жармасы, 880 литр күнбағыс майы, 544 тонна тұз, 1402 тонна қант, 1240 тонна картоп, 477 тонна сәбіз, 470 тонна қырыққабат, 450 тонна пияз, 578 тонна тауық еті.

Облыста өндірілмейтінді қоспағанда, өнімді жергілікті тауар өндірушілерден сатып алады (күріш, қант, күнбағыс майы). Сатып алу қарыз, форвардтық сатып алу және жеткізу шарттарын жасасу арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі жүріп жатқан егін жинау күрделі жағдайларға қарамастан, агроқұрылымдар тұрақтандыру қорын жаңа піскен көкөністермен уақтылы қамтамасыз етеді. Өнімдер бірден сауда нүктелеріне түседі.

Қысқы кезеңде көкөніс өнімдерін сақтау “Радуга” ЖШС заманауи көкөніс қоймасында жүзеге асырылады. Онда көкөністерді мамыр-маусымға дейін сақтауға мүмкіндік беретін қажетті жағдайлар, соның ішінде температура, желдету бар. Сауда нүктелерінен көкөністерді тұрақтандыру қорынан жеткізуге өтінімдер түскен кезде “Солтүстік” ӘКК ” АҚ көкөніс қоймасына тапсырма жібереді. Сол жерден олар сауда нүктелеріне түседі.

Өнімдер әрқашан қоймаларда болады және тұрақтандыру қорының нүктелеріне күн сайын, супермаркеттерге – аптасына үш рет, екі рет – үй жанындағы дүкендерге жеткізіледі. Тұрақтандыру қорымен ауылдық дүкендер де жұмыс істейді. Өтінімдерді аудандардағы кәсіпкерлік бөлімдері қабылдайды.

Сауда нүктелерінің тізімі және өзекті бағалар “Солтүстік” ӘКК https://spk-soltustik.kz/стабилизационный-фонд/  сайтында орналастырылады

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG