KZ/ RU/ ENG

“Солтүстік” ӘКК ” АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары

2022 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде “Солтүстік “ӘКК”АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары талқыланды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша ӘКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Бұл туралы отырыста СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді. Отырысқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, ӘКК ұжымы және бизнес субъектілері қатысты.

* “Солтүстік” ӘКК ” АҚ қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру қағидалары

* “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ” акционерлік қоғамының Басқарма мүшелеріне еңбекақы төлеу ережесі;

* “Солтсүтік” Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ” акционерлік қоғамының кепіл саясаты;

* “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ” АҚ құпия ақпаратты қорғау жөніндегі Нұсқаулық

* “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ” акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже.

Қоғамның осы ішкі құжаттарының жаңа редакциядағы жобалары әзірленді, олар Директорлар кеңесінің 13.06.2022 ж. № 8 шешімімен бекітілген.
Жоспарды орындау шеңберінде облыс әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына Директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру, олардың мүшелерін іріктеу тәртібі, оларға қойылатын біліктілік талаптары мәселелері бойынша өзгерістер енгізуге қатысты бөлігінде Ұлттық экономика министрлігіне 30.06.2022 ж. № 1.11–06/5294 хат жолдады.

Директорлар кеңесінің 13.06.2022 ж. № 8 шешімімен Кредиттеу және жобаларды басқару департаментінің функцияларын екі дербес Департаментке бөлу арқылы ӘКК құрылымы өзгертілді: тұрақтандыру қорын және кредиттеуді ұйымдастыру бойынша,  комплаенс-қызмет дербес құрылымдық бөлімше құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғарыда аталған ұсынымдары ӘКК-нің одан әрі жұмысына, сондай-ақ қарыздар, кепілдіктер беру және негізгі құралдарды іске асыру жөніндегі шешімдерді қабылдау кезінде ӘКК жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға оң әсер етеді деп санаймыз.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG