“Солтүстік” ӘКК қолдауымен ірі сүт фермасы салынуда
Солтүстік Қазақстан агроқұрылымы “Буденное-СК” ЖШС 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын салуда. Жоба “Солтүстік” ӘКК АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.
Ауданындағы ірі сүт-тауар фермасы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда 2021 жылы тұрғызыла бастады. Биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Нысанда қазірдің өзінде металл конструкциялары орнатылуда, келесі аптада олар ғимаратты қаптауға кіріседі. Құрылыс алаңының жанында бір ауысымда 100 текше метр бетон зауыты орнатылды, бұл жұмысты едәуір жылдамдатады
– Гараждың, әкімшілік корпустың іргетасы, қаңқасы, бақылау-өткізу пункті бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, объектіге дейін негізгі трассадан ұзындығы 1,2 км жол салынуда. Инженерлік коммуникациялар тартылуда. Жұмыстың 90% желтоқсан айының басында аяқталады деп күтеміз, жабдықты іске қосуға кірісеміз. Нысанда 150 адам, 40-қа жуық техника жұмыс істейді, – деді “Orbis Construction” учаскесінің бастығы Ерғали Жолдасов.
Жобаның жалпы құны-7,8 млрд теңге. Оның ішінде агроқұрылым 2 млрд теңгені “Солтүстік” ӘКК АҚ арқылы екі қарыз түрінде алды.
“Буденное-СК” ЖШС директоры Андрей Пахомов ІСФ болашақта 2500 басқа дейін ұлғайтумен 1200 басқа есептелгенін айтты. Мал басы үшін қажетті жем-шөп базасы бар. Фермада 30-дан астам жұмыс орны ашылады
Сүт бағытындағы Гольштейн тұқымының малы шетелден әкелінеді. ІСФ үшін құны шамамен 1 млрд теңге болатын әйгілі “Westfalia” брендінің қажетті жабдықтарын сатып алды. Осы мақсатта “Солтүстік” ӘКК АҚ арқылы жеңілдікті шарттармен қарыз ресімделді.
– 2021 жылы сүт-тауар фермасына арналған жабдықтарды сатып алуға 8 жылға 4%-бен бір млрд теңге көлемінде қарыз берілді. Осы жылдың наурыз айында агроқұрылым 10 жылға 2,5% – бен бір млрд теңге мөлшерінде тағы бір қарыз алды. Жеңілдік кезеңі қаржыландыру сәтінен бастап екі жылға дейін. Қарыз қаражаты құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеуге арналды, – деп түсіндірді “Солтүстік” ӘКК Кредиттеу және жобаларды басқару департаментінің басшысы Олжас Сағандықов.
Жалпы, үлкен жоба аясында — агрожобаларды жеңілдетілген несиелеу бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау – сүт-тауар фермаларын салуға 17 млрд теңге бөлінді. Қаржыландыру “Солтүстік” ӘКК ” АҚ арқылы жүзеге асырылады.