KZ/ RU/ ENG

Петропавлда «Солтүстік» ӘКК қолдауымен жарма цехы іске қосылды

«Солтүстік» ӘКК АҚ «AGRO GRAIN SK» ЖШС-не дәнді және дәнді-бұршақты ауыл шаруашылығы дақылдарын қайта өңдеу өндірісін ашу үшін қарыз берді. Жарма цехы қазір сынақ режимінде жұмыс істеуде.

Арпа, жүгері, бұршақ,  тары және бидай жармасы өндіріледі. Жинақы  астық цехының өңдеу қуаты жарма түріне байланысты сағатына 900 кг дейін құрайды.

–  Жабдық еуропалық , құны 64 млн теңге. Барлығы автоматтандырылған. Кез-келген ақаулық кезінде  жүйе белгі береді немесе цехтың жұмысын тоқтатады. Қолмен жасайтын жалғыз нәрсе-ол жарманы ауыстырған кезде тор мен басқа бөлшектерді орнату. Яғни, бірдей тор  бұршақ пен бидайға жарамайды. Цех астықты үш фракцияға өңдейді, – деді «AGRO GRAIN SK» ЖШС директоры Марина Бариева.

«AGRO GRAIN SK» ЖШС жаңа жарма цехының ашылуы жергілікті жарма өндірісін жылына 2,9 мың тоннаға ұлғайтады. Олар күзде толық қуатқа жетеді деп күтілуде. Өнімдер ішкі нарыққа жеткізіледі және Қытайға экспортқа жіберіледі.

–  «Солтүстік» ӘКК» АҚ арқылы қарыз сомасы 64 млн теңгені құрады. Инвестор қаражаты қажетті мүлікті сатып алу бойынша шығындарды  төлеуге жұмсады. Жарма цехының ашылуы жергілікті өндірістегі сапалы азық – түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді «Солтүстік» ӘКК кредиттеу және жобаларды басқару департаментінің басшысы Олжас Сагандыков.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG