СҚО ауылында сүт фермасы кеңейтілуде
Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Привольное ауылында “Колос” ШҚ сүт-тауар фермасы кеңейтіліп жатыр. Жоба “Солтүстік” ӘКК АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.
“Колос” шаруа қожалығы тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. 2016 жылдан бастап шаруашылықта сүт тұқымды мал өсірумен айналысады. Содан кейін олар симментальды тұқымның алғашқы 100 басын сатып алды. Қазір фермада 700-ге жуық мал бар. Кеңейтілгеннен кейін мал саны тағы 400 басқа артады.
-Біз қосымша ғимараттар салып жатырмыз. Біз барлық материалдар мен қажетті жабдықтарды, соның ішінде итальяндық сауу кешенін өткен жылы сатып алдық. Барлығы қоймада жатыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін мал сатып алатын боламыз. Жемшөпте ешқандай мәселе туындамайды. Бізде алты мың гектардан астам егістік бар. Біз көпжылдық және біржылдық шөптерді өсіреміз. Қажетті көлемде шөп, пішен, сүрлем жинаймыз. Мал үшін мамандар дұрыс рационды құрайды, жемнің оңтайлы комбинациясын таңдайды, – деді ШҚ басшысы Гейман Александр
Ферма жылына шамамен 900 тонна сүт өндіреді. Кеңейтуден кейін толық қуатқа шығу кезінде жылына кемінде екі – екі жарым мың тонна алады деп күтілуде. “Колос” ШҚ сүтін “Маслодел”ЖШС өңдеуге жеткізеді.
Фермада жергілікті тұрғындар жұмыс істейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін тағы бес жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
– “Колос” ШҚ өткен жылы 750 млн теңге көлемінде қарыз алды. Қарыз сүт-тауар фермасын салуға және жабдықтарды сатып алуға 10 жылға жылдық 2,5% – бен берілді, – деді “Солтүстік” ӘКК Кредиттеу және жобаларды басқару департаментінің басшысы Олжас Сағандықов.