KZ/ RU/ ENG

“Солтүстік” ӘКК тұрақтандыру қорының өніміне баға мониторингін жүргізеді

“Солтүстік” ӘКК АҚ қызметкерлері Петропавлдың супермаркеттері мен дүкендерінде тұрақтандыру қорынан сатылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына тұрақты мониторинг жүргізеді. Әр апта сайын бақылау 10-15 сауда нүктелерінде жүзеге асырылады.

Бүгін ӘКК қызметкерлерінің бірі “Рахмет” СҮ-де орналасқан “Северный”супермаркетінде мониторинг жүргізеді. Мұнда тұрақтандыру қорынан 1 санаттағы жұмыртқа, күріш, қарақұмық, түтік кеспе, 1 сортты ұн, тұз, өсімдік майы, көкөністер, тауықтың жамбастары мен сандары сатылады

Мониторинг кезінде сөрелерде өнімнің болуына назар аударылады. Егер қандай да бір тауар жоқ болса, “Солтүстік” ӘКК АҚ қызметкерлері әкімшімен дереу байланысып, себебін анықтайды. Ерекше бақылауда-баға деңгейі. Сауда үстемесі 15% – дан аспауы керек.

Солтүстік Қазақстан облысында тұрақтандыру қорын “Солтүстік” ӘКК қалыптастырады. Әлеуметтік маңызы бар 19 өнімнің 14-і сатып алынады. Өнім облыста өндірілмейтінін қоспағанда, жергілікті тауар өндірушілерден сатып алынады. Сатып алу қарыз, форвардтық сатып алу және жеткізу шарттарын жасасу арқылы жүзеге асырылады.

Өнімдер супермаркеттерге-аптасына үш рет, екі рет-үйдегі дүкендерге жеткізіледі. Тұрақтандыру қорымен ауылдық дүкендер де жұмыс істейді. Өтінімдерді аудандардағы кәсіпкерлік бөлімдері қабылдайды

Бұдан басқа, “Солтүстік” ӘКК АҚ-ның тұрақтандыру қорының өнімі сатылатын жеке сауда нүктелері бар:

✔️”Дария” базары, Петропавл қ., Бостандық к-сі, 22А,
✔️”Алтын арман” базары, Петропавл қ., Астана к-сі, 30а,
✔️”Корона” сауда үйі, Петропавл қ., Хименко к-сі, 16,
✔️”Тайга” базары, Петропавл қ., Жабаев к-сі, 190,
✔️”Океан” сауда үйі, Петропавл қ., Абай к-сі, 77,
✔️”Алматы-Петропавл” базары, Петропавл қ., Островский к-сі, 50,
✔️”Қызылжар” базары Петропавл қ., Н. Назарбаев к-сі, 69,
✔️”Қазпошта” АҚ ғимараты Бескөл а., Гагарин көшесі, 6А.

Тұрақтандыру қорының өніміне өзекті бағалар және оны сатып алуға болатын сауда нүктелерінің толық тізімі”Солтүстік” ӘКК ” АҚ сайтында орналастырылады. https://spk-soltustik.kz/стабилизационный-фонд/

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG