Тұрақтандыру қорының өнімдері бағасының мониторингі: “Северный”супермаркеті
“Солтүстік” ӘКК АҚ қызметкерлері Петропавлдың супермаркеттері мен дүкендерінде тұрақтандыру қорынан сатылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Әр апта сайын бағаны бақылау 10-15 сауда нүктесінде жүзеге асырылады. Солардың бірі-Жамбыл көшесіндегі “Северный” супермаркеті
Мұнда тұрақтандыру қорынан күріш, қарақұмық, түтік кеспе, 1-ші сортты ұн, тұз, күнбағыс майы, картоп, сәбіз, құс еті сатылады. Сіз “Северныйда” тұрақтандыру қорының өнімдерін ашық түсті баға белгілерімен таба аласыз. Сонымен қатар, оларда “ӘКК” немесе “Тұрақтандыру қоры”көрсетілген.
Сауда нүктелерінің өнімдер тізімін, өзекті бағалары мен мекенжайларын әрқашан “Солтүстік “ӘКК” АҚ сайтында “Тұрақтандыру қоры” бөлімінде көруге болады. https://spksoltustik.kz/стабилизационный-фонд/