KZ/ RU/ ENG

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебінде” оқуды “Солтүстік”ӘКК комплаенс-қызметі өтті

“Солтүстік “ӘКК” АҚ Комплаенс-қызметі Ирина Хутинаева “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс мектебі” оқыту семинарына қатысты.

Квазимемлекеттік сектор мамандарына арналған семинарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұйымдастырды. Мақсаты-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту және тәуекелдерді бақылау мен басқаруға жүйелі тәсілді енгізу.

Ведомство басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев Қазақстан заңдылық пен ашықтыққа басымдық беретін әділ қоғам құрған жағдайда комплаенс осы мақсаттарға қол жеткізудің маңызды құралына айналатынын атап өтті.

Семинарда қатысушылар ISO 37001-2017 “Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі. Пайдалану жөніндегі талаптар мен басшылық”, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты реформалау мәселелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы және ішкі талдау жүргізу тәртібі, сатып алу процестеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Сонымен қатар, комплаенс қызметтері тәжірибелерімен алмасты.

“Солтүстік” ӘКК ” АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт 2021 жылдан бастап қолданыста. Ол акционерлік қоғам қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында әзірленді.

СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметінің суреті

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG