01.11.2022 жылғы хабарландыру
“Солтүстік “әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” акционерлік қоғамы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында нарық субъектісін құру туралы хабарлайды.
“Солтүстік “әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” акционерлік қоғамының жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегіндегі қатысу үлесі 100% -ды құрайтын болады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік “Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама ұсыну (ЭҚЖЖ 73120)” Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес Экономикалық қызмет түрін жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының 4-тармағына сәйкес акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі Мемлекеттік кәсіпорындарды, заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын онымен үлестес тұлғаларды құру монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырылады.
Мүдделі тұлғалардың позициясын білдіру үшін spk.sko@mail.ru электрондық поштаға жазбаша өтініш немесе мына мекен-жайға: Петропавл қ., Н.Назарбаев к-сі, 69. жіберуіңізді сұраймыз