KZ/ RU/ ENG

03.01.2024 жылғы хабарландыру

“Солтүстік” ӘКК ” АҚ  “Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша неғұрлым маңызды ауыл шаруашылығы өндірістерін құру жөніндегі жобаларды іске асыру (түзету)” жобасы бойынша “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы” КММ бюджеттік бағдарламаларының облыстық әкімшісі әзірлеген және бекіткен түзетілген қаржылық-экономикалық негіздеме шеңберінде АШТӨ-ден қаржыландыруға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген қарыздарды беру шарттары: негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңі 24 ай болатын жылдық 4,0% мөлшерлеме бойынша 8 жыл мерзімге.

Өтінімдер талаптарға және құжаттардың белгілі бір тізбесіне сәйкес қағаз жеткізгіште 2024 жылғы 04 қаңтардан бастап мына мекенжай бойынша қабылданады: Петропавл қ., Н. Назарбаев к-сі, 69, 3 қабат, 9 кабинет, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін. Сенбі, жексенбі демалыс күні.

№ 1 қосымшаға сәйкес қарыз алуға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары;

№ 2 қосымшаға сәйкес қарыз алу үшін қажетті құжаттар тізбесі;

№ 3 қосымшаға сәйкес инвестициялар көлемі.

Қосымша ақпаратты “Солтүстік “ӘКК” АҚ-нан мына мекен-жай бойынша алуға болады: Солтүстік Қазақстан облысы., Петропавл қ., Н. Назарбаев к-сі, 69, каб. № 9, телефон: +7 7152 50 08 32

№ 1 кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын біліктілік талаптары

№ 2 құжаттар тізбесі

№ 3 инвестициялар көлемі1

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG