“Солтүстік”ӘКК қолдауымен кезекті ферма іске қосылды
Солтүстік Қазақстан облысында “Атамекен-Агро-Корнеевка” ЖШС-нің тағы бір заманауи сүт-тауар фермасы іске қосылды. Құрылыс “Солтүстік” ӘКК ” АҚ қолдауымен жүзеге асырылды.
“Солтүстік” ӘКК Кредиттеу және жобаларды басқару департаментінің басшысы Олжас Сағандықовтың ақпараты бойынша, агроқұрылым 10 жыл мерзімге жылдық 2,5% жеңілдікпен қарыз алды.
Ферма 1400 бас малға арналған. Германия мен Даниядан 730-дан астам голштейн-фриз тұқымды мал әкелінді. Жыл соңына дейін тағы 500-ден астам мал келеді деп күтілуде.
Бұзаулар, сиыр қоралары, сауу блогы, құрама жем қоймасы жұмысқа толық дайын. “Карусель” типті сауу жабдықтарын монтаждау аяқталды. Агроқұрылым малға қажетті азық қорын дайындады.
Толық қуатқа шыққан кезде “Атамекен-Агро-Корнеевка” ЖШС фермасы жылына 7,5-8 мың тонна сүт өндіретін болады.
Айта кетейік, бұл “Солтүстік”ӘКК АҚ қолдауымен салынып жатқан алғашқы сүт-тауар фермасы емес. Солтүстік Қазақстан облысының агрожобаларды ӘКК арқылы жеңілдікпен кредиттеу бойынша тәжірибесі биылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде таратылуда. Сүт-тауар фермаларын салуға барлығы 100 млрд теңге бөлінді. Оның 17 млрд теңгесі – СҚО үшін