KZ/ RU/ ENG

Ауыл шаруашылығы министрлігі “Кен дала 2” мемлекеттік бағдарламасының пайдасы туралы СҚО фермерлеріне айтты

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Соның ішінде “Кен дала 2” бағдарламасының артықшылықтары талқыланды, ол агроқұрылымдарға арзан несиелерге қол жеткізу есебінен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге көмектесуге арналған

Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Жанар Маханова аграршыларға мемлекеттік бағдарлама аясында фермерлер көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін жылдық 5% жеңілдікпен несие ала алатынын айтты. Оның тағы бір артықшылығы-кепіл сомасының тек 15% – қамтамасыз ету. Қалған 85% “Даму” қоры кепілдік береді.

Биыл өңірге “Кен дала 2” бойынша 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Бағдарламаның операторы “Солтүстік” ӘКК ” АҚ болып табылады.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG