Тұрақтандыру қорындағы картоп қоры туралы
20.01.2025 жылғы мәліметтер бойынша тұрақтандыру қорында 1200 тонна картоп бар. Тұрақтандыру қорының сауда нүктелеріндегі құны-килограмына 97 теңге.
Өнім жергілікті тауар өндірушілерден сатып алынады. Сатып алу қарыз, форвардтық сатып алу және жеткізу шарттарын жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Көкөністерді сақтау “Солтүстік “ӘКК” АҚ, тауар өндірушілер мен “Радуга” ЖШС қоймаларында және көкөніс қоймасында жүзеге асырылады.
Өнімдер тұрақтандыру қорының нүктелеріне күн сайын, супермаркеттерге – аптасына үш рет, екі рет – үйдегі дүкендерге жеткізіледі. Тұрақтандыру қорымен ауылдық дүкендер де жұмыс істейді. Өтінімдерді аудандардағы кәсіпкерлік бөлімдері қабылдайды және “Солтүстік” ӘКК ” АҚ-ға береді.
«Солтүстік» ӘКК АҚ сауда нүктелерінің тізімі:
Петропавл
➡️”Дария” базары, Бостандық көшесі, 22а
➡️”Алтын арман” базары, Астана көшесі, 30а,
➡️”Корона” сауда үйі, Хименко көшесі, 16,
️➡️”Тайга” базары, Жабаев көшесі, 190,
➡️”Океан” сауда үйі, Абай көшесі, 77,
➡️”Алматы-Петропавл” базары, Островский көшесі, 50,
➡️”Қызылжар” базары, Н. Назарбаев көшесі, 69,
➡️Бескөл “Қазпошта” АҚ ғимараты, Гагарин көшесі, 6А