“Солтүстік” ӘКК АҚ қолдауымен Тайынша ауданындағы ферманы жаңғырту жұмыстары жүргізілді
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында “МТФ Ясная поляна” ЖШС сүт-тауар фермасын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жоба “Солтүстік” ӘКК” АҚ қолдауымен жүзеге асырылды.
Жұмыс істеп тұрған сүт фермасының кеңеюі 2023 жылы басталды.
2023 жылдың мамыр айында “МТФ Ясная поляна” ЖШС-мен жабдықтар мен голштейн тұқымының 490 малын сатып алу үшін қарыз шартын жасасты. Қарыз сомасы жылдық 4% – бен 8 жылға дейінгі мерзімге 700 млн теңгені құрады. Компания 2024 жылы сүт-тауар фермасына арналған мал мен жабдықтарды сатып алуға жылдық 2,5%-бен 850 млн теңге мөлшерінде екінші қарыз алды, – деп хабарлады “Солтүстік “ӘКК” АҚ кредиттеу және жобаларды басқару департаментінің басшысы Олжас Сағандықов.
Мал Солтүстік Қазақстан фермасына Даниядан, Ресейден және Қазақстанның аймақтарынан әкелінді. Қазір фермадағы сауын мал 1400 басқа жетті. Жалпы саны-3 мыңға жуық бас. 50 орындық “карусель” және 24 орындық “елочка” сауу кешендері жұмыс істейді. Жылына 11 мың тонна сүт алынады, оны Көкшетаудағы “Гормолзавод” ЖШС және “Eurasian milk”ЖШС өңдеуге жібереді.
Жобаның жалпы құны шамамен 7 млрд теңгені құрайды. “Солтүстік” ӘКК ” АҚ-мен ынтымақтасуға ыңғайлы. Қызметкерлер өз істерін жақсы біледі, құжаттарды жинаудың әр кезеңінде кеңес береді және сүйемелдейді, барлық мәселелерді түсінуге көмектеседі. Қарыз шарттары қолайлы. Сүт-тауар фермасында 80 жұмыс орны құрылды,оның тек биылғы жылы-30. Жергілікті тұрғындар жұмыс істейді. Біздің ұжым жас, дамып келеді. Фермадағы орташа жалақы 325 мың теңгені құрайды, – деді компания директорының орынбасары Еркін Ескендіров.
Бірінші жартыжылдықта “МТФ Ясная поляна” ЖШС бюджетке 100 млн теңгеден астам салық төледі.