KZ/ RU/ ENG

“Кен дала 2” бағдарламасы СҚО фермерлеріне егін жинауға дайындалуға көмектесті

СҚО аграршылары күзгі-дала жұмыстарын жүргізуге дайындық кезінде “Кен дала 2” бағдарламасын пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Шаруа қожалығының басшысы Ерік Уразбаев “Кен дала 2” бағдарламасы бойынша 12,5 млн теңге көлемінде қарыз алды. Фермер бағдарламаның механизмі егін жинау науқанына уақытында және толық дайындалуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

– Біз 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Біздің шаруа қожалығымызда симменталь тұқымының 100 аналық басы бар. 163 га егістік бар. Біз дәнді дақылдарды өсірумен айналысамыз. Мал азығын да өзіміз жинаймыз. “Кен дала 2” бағдарламасы туралы білгенде, бірден егін жинау науқанына дайындалу үшін оның шарттарын пайдалануды шештік. Дизель отынын, қосалқы бөлшектерді сатып алдық. Шарттар тиімді. “Солтүстік” ӘКК ” АҚ қызметкерлері қажетті құжаттар пакетін жинауға көмектесті, ешқандай қиындықтар туындамады. Бағдарламаның келесі жылы да жұмыс істегені жақсы болар еді, – деп бөлісті Ерік Уразбаев.

“Кен дала 2” бағдарламасы агроқұрылымдарға арзан несиелерге қол жеткізу есебінен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге көмектесуге арналған. Кредиттеу мөлшерлемесі жылдық 5%  құрайды, қарыз мерзімі-2025 жылғы 1 ақпанға дейін. Кепіл болмаған жағдайда аграршылар “Даму” қорының кепілдігін пайдалана алады. Бағдарламаға әртүрлі деңгейдегі агроқұрылымдар қатыса алады.

“Кен дала 2” аясында өңірге барлығы 23 млрд теңге бөлінді. Оператор “Солтүстік” ӘКК ” АҚ болып табылады.

Кредиттеу бағдарламасы, шарттары мен қажетті құжаттар туралы толығырақ ” Солтүстік “ӘКК” АҚ мамандарынан 8(7152)50-27-16 телефоны бойынша немесе Петропавл қ., Н.Назарбаев к – сі, 69,             6 каб. мекенжайы бойынша білуге болады. Немесе “Солтүстік” ӘКК ” АҚ https://spk-soltustik.kz  сайтында.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG