KZ/ RU/ ENG

Тұрақтандыру қорының өнімін “Солтүстік”ӘКК ауылдық жәрмеңкелеріне әкелді

“Солтүстік” ӘКК Аққайың ауданы Смирново ауылында және М.Жұмабаев ауданы Булаево қаласында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысты.

Аудан орталықтарына тұрақтандыру қорынан алты тоннадан астам өнім әкелінді. Оның ішінде 500 кг сәбіз, қырыққабат, күріш, қарақұмық жармасы, өлшенетін кеспе, тұз, жергілікті өндірілген 1 сортты ұн, 1,5 тонна пияз, тиісінше 2 және 2,5 тонна картоп, 1 мың литр өсімдік майы, 7 мыңнан астам жұмыртқа.

Жәрмеңкеде азық-түлік тұрақтандыру қорының бағасымен сатылды. Атап айтқанда, күріш бір килограмына 422 теңгеден, кеспе — 245 теңгеден, қарақұмық – 240 теңгеден, 1 сортты ұн — 260-280 салмағы 2 кг қаптамадан, қырыққабат пен пияз 95 және 85 теңгеден, картоп – бір килограмына 100 теңгеден.

Жәрмеңкедегі тұрақтандыру қорының өнімдері бірнеше сағат ішінде сатылды.

“Солтүстік” ӘКК ауыл тұрғындары сапалы өнімдерді қолайлы бағамен сатып алуы үшін облыс аудандарына жәрмеңкелерге үнемі барады.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 атауының 14-і сатып алынады. Өнімді өңірде өндірілмейтінін қоспағанда, жергілікті тауар өндірушілерден сатып алады. “Солтүстік” ӘКК ” АҚ тұрақтандыру қорын қалыптастырады.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG