KZ/ RU/ ENG

“Солтүстік”ӘКК ауылдық жәрмеңкесіне тұрақтандыру қорының өнімін әкелді

“Солтүстік” ӘКК демалыс күндері М. Жұмабаев ауданы Булаев қаласында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысты.

Аудан орталығына ӘКК тұрақтандыру қорынан алты тоннадан астам өнім әкелді. Оның ішінде 1000 килограммнан сәбіз, қырыққабат, пияз, күріш, 500 килограммнан қарақұмық жармасы, түтік кеспе, тұз, 1 сортты жергілікті ұн, 480 литр “Дельное” өсімдік майы, 7 мыңнан астам жұмыртқа, 300 кг тауық еті.

Сапалы азық-түлік өнімдерін қолайлы бағамен сатып алғысы келетіндер көп болды. Жәрмеңкедегі тұрақтандыру қорының өнімдері бірнеше сағат ішінде сатылды.
“Солтүстік” ӘКК ауыл тұрғындары сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуы үшін облыс аудандарына жәрмеңкелерге үнемі барады.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 атауының 14-і сатып алынады. Өнімді өңірде өндірілмейтінін қоспағанда, жергілікті тауар өндірушілерден сатып алады. “Солтүстік” ӘКК ” АҚ тұрақтандыру қорын қалыптастырады.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG