KZ/ RU/ ENG

«Солтүстік» ӘКК» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

«Солтүстік» ӘКК» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар талқыланды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті «Солтүстік» ӘКК» АҚ қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Кездесудің басты тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын түсіндіру болды.

– Сыбайлас жемқорлық әрдайым ірі көлемдегі пара алумен ғана байланысты емес. Тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа алып келетін жағдайлар көбінесе күнделікті жұмыс барысында туындайды. Мысалы, өтінімді жеделдетіп қарау немесе қызметтік міндеттерін орындағаны үшін сыйлық қабылдау. Мұндай әрекеттер кей жағдайда елеусіз болып көрінуі мүмкін. Алайда дәл осындай жағдайлар жүйелі сыбайлас жемқорлық көріністерінің қалыптасуына негіз болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек бір уәкілетті органның қызметімен шектелмей, барлық мемлекеттік құрылымдар мен тұтастай қоғамды қамтиды, – деп атап өтті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Диана Салгарина.

Ол пара беру немесе алу фактілері туралы хабарлағаны үшін көтермелеу көзделгенін еске салды. Мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін тұлғалардың қорғалуына кепілдік береді.

– Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әрбір қызметкердің белсенді қатысуын талап ететін тұрақты үдеріс. Тек ортақ жауапкершілік, заңнаманы сақтау және адалдық қағидаттарын ұстану арқылы ғана тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы орта қалыптастырып, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға болады, – деп қосты Д. Салгарина.

«Солтүстік» ӘКК» АҚ-да 2021 жылдан бастап бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қолданыста. Аталған стандарт акционерлік қоғам қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және қызметкерлер арасында жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру мақсатында әзірленген.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG