Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша Семинар
Іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2022 жылғы 28 шілдеде “Солтүстік “ӘКК” АҚ ұжымына 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді. Іс-шараға СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекторы Светлана Зайцева қатысты.
Семинарда Зайцева Светлана: « Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ашықтығы мемлекеттік органдардың міндеті болып табылмайды, ал бұл жұмысты ұйымдастыру біздің ойымызша, осы немесе басқа органда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұтымды ұсыныстар әзірлеу үшін жұртшылық өкілдерін тартуды талап етеді”, — деп атап өтті дәріскер.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау институтының дамуы жобалық тәсілді қолдануда көрінеді. Бұл оның тиімділігін, жеке жауапкершілігін және проблемаларды кешенді шешуді қамтамасыз етеді.