“Солтүстік” ӘКК қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты
“Солтүстік” ӘКК” АҚ қызметкерлері “Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке шықты.
Назарбаев көшесіндегі “Қызылжар-Ақбастау” базарының маңындағы аумақты 30-ға жуық адам тазалап, абаттандырды.
Айта кетейік, “Солтүстік” ӘКК қала мен облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуға тырысуда. Корпорация қызметкерлері Петропавлда өткізілетін барлық сенбіліктерге белсенді қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы 2024 жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен басталды. Оның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.