KZ/ RU/ ENG

“Солтүстік” ӘКК ҚР өңірлеріндегі әріптестерімен тәжірибесімен бөліседі

Батыс Қазақстан облысынан “АQJAIYQ “ӘКК” АҚ өкілдері Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар кәсіпорындарында және “Солтүстік “ӘКК”АҚ-да болды.

“Аqjaiyq” ӘКК ” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қазбек Ұзқанов корпорациялар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. “Аqjaiyq” ӘКК өкілдері сүт-тауар фермаларының құрылысын қаржыландыру бойынша Солтүстік Қазақстан әріптестерінің тәжірибесіне қызығушылық танытты.

– Біз ӘКК арқылы сүт-тауар фермаларының құрылысын қаржыландыру бойынша тәжірибе алмасу шеңберінде бірқатар шаруа қожалықтарына бардық. Іс жүзінде механизмнің қалай іске асырылып жатқанын көрдік, – деді Қазбек Ұзқанов.

Петропавлда Батыс Қазақстаннан келген қонақтар “”Auyl Fest. Қаз шаруашылығы” Халықаралық түркі этномәдени фестиваліне қатысты”, ол 5 сәуірде өткізілді.

– Қаз шаруашылығы бізді де қызықтырады. Өткен жылы “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында фермер қаздарды өсіруге несие алды. Бес мың бас сатып алды. Барлығын сатты. Жаңа мал сатып алады. Біз өз өңірімізде қаз шаруашылығын танымал етуге ниеттіміз, – деп атап өтті Қазбек Ұзқанов.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының агрожобаларды ӘКК арқылы жеңілдікпен кредиттеу бойынша тәжірибесі 2024 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде таралуда.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG