«Солтүстік» және «Ұлытау» ӘКК меморандумға қол қойды
Солтүстік Қазақстан облысына Ұлытау облысының делегациясы келді. Қонақтарды “Солтүстік “ӘКК” АҚ арқылы агрожобаларды жеңілдікпен несиелеу бойынша өңірдің тәжірибесі қызықтырды. Атап айтқанда, сүт-тауар фермаларын салу. Осы жылдан бастап жоба бүкіл ел бойынша қайталанып келеді.
“Солтүстік” ӘКК ” АҚ қызметкерлері басқа өңірлердегі әріптестерімен осы бағыттағы жұмыс тәжірибесімен бөліседі. “Солтүстік” ӘКК мен “Ұлытау” ӘКК арасында тәжірибе алмасу бойынша аграрлық саладағы ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды.
Жалпы, үлкен жоба аясында Солтүстік Қазақстан облысының агрожобаларды жеңілдетілген несиелеу бойынша тәжірибесін тираждау-еліміз бойынша сүт-тауар фермаларын салуға 100 млрд теңге бөлінді.