“Солтүстік” ӘКК инвестициялық штабтың жұмысына қатысты
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрмановтың төрағалығымен инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Штаб жұмысына “Солтүстік” ӘКК ” АҚ басшылығы қатысты.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, өңірдің негізгі қаржы институттарының басшылары — “Даму “КДҚ” АҚ, “Атамекен” ҰКП, “Kazakh Invest” ҰК ” АҚ, облыстық прокуратураның өкілдері қатысты.
Бірінші жартыжылдықта инвестиция тарту бойынша жұмыстың қорытындысы басты тақырып болды.
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Әмірин бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңір экономикасына 214,6 млрд теңге инвестиция тартылғанын хабарлады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% – ға артық.
“Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Шілдеде ауданы 24,5 га болатын №5 жаңа субаймақ құрылды. ҚР Үкіметі деңгейінде Тайынша ауданы мен Ғ. Мүсірепов ауданы аумағында №6 және №7 субаймақтар құру туралы шешім қабылданды.
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бейнесі