“Солтүстік”ӘКК тұрақтандыру қорына 4 000 тонна ұн сатып алынды
“Солтүстік” ӘКК ” АҚ тұрақтандыру қоры үшін 4 мың тонна 1 сұрыпты ұнын сатып алуға “DEZ” ЖШС-мен келісімшарт жасасты
Компания өнімдерді ӘКК өтінімдері бойынша жыл ішінде жеткізетін болады. Тұрақтандыру қорының қоймаларында ұн жиналмайды. Тауарды сақтаудың оңтайлы шарттарын жеткізуші қамтамасыз етеді. Өтінімді алған кезде ұнды сауда орындарына жеткізеді.Бөлшек саудада “DEZ” ЖШС 1 сұрыпты ұнның екі килограмдық пакетінің бағасы 253 теңгені құрайды.
Көрсетілген ұн көлемінің бір бөлігі әлеуметтік нан пісіруге арналған нан-тоқаш кәсіпорындарына жіберіледі. 2020 жылдан бастап “Солтүстік” ӘКК АҚ арқылы ұн өндіру үшін астық сатып алуға арналған “айналым схемасы” бойынша жергілікті ұн тартатын кәсіпорын қаржыландырылады.
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпараты бойынша ӘКК арқылы қаржыландыру тетігі және нан комбинатын арзандатылған астықпен қамтамасыз ету әлеуметтік нанның бағасын бір орамға 80 теңге деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Физиологиялық тұтыну нормасы бір адамға жылына 9 кг ұнды құрайды.