ТАЛЬКОВА ГУЛЬНАРА КУАНДЫКОВНА
ТАЛЬКОВА ГУЛЬНАРА КУАНДЫКОВНА – «Солтүстік» ӘКК» АҚ Басқарма мүшесі, «Солтүстік» ӘКК» АҚ бюджет жоспарлау және талдау қызметінің бас маманы.
1987 жылғы 1 сәуірде туған.
Білімі:
Орталық Азия университеті – «Қаржы» мамандығы.
«Көкше» академиясы – «Құқықтану» мамандығы.
Еңбек жолын 2009 жылғы сәуірде М. Жұмабаев ауданының мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметші (экономист, қаржыгер, мемлекеттік сатып алу маманы) лауазымдарында бастаған.
2019 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы мамырға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алуларды талдау бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2020 жылғы мамырдан 2023 жылғы қаңтарға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік сатып алулар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болған.
2023 жылғы қаңтардан бастап «Солтүстік» ӘКК» АҚ бюджет жоспарлау және талдау қызметінің бас маманы лауазымын атқарып келеді.