KZ/ RU/ ENG

03.06.2024 жылғы хабарландыру

«Солтүстік” ӘКК” АҚ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларына сәйкес өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін хабардар етеді.

Несие беру шарттары:

— Сыйақының номиналды пайыздық мөлшерлемесі-жылдық 2,5%.

— Несие сомасы-5 (бес) миллиард теңгеден аспайды;

— Микрокредит мерзімі – 10 (он) жылға дейін;

— Жеңілдікті кезең: негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 (жиырма төрт) айдан аспайды.

Несиелеу бағыттары:

— Ет бағытындағы құс фабрикасына кредит беру (5 000 тоннадан бастап);

— Көкөніс қоймасы бағыты бойынша кредит беру (1 000 тоннадан бастап);

— Қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашырату, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікке (картоп пен көкөністер, жемшөп өндірісі) кредит беру;

Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:

— Құқық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігін (жеке тұлғалар үшін) иелену;

— Банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайды;

— Агроөнеркәсіптік кешен саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

— Банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

— Кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің 90 (тоқсан) күннен артық болмауы;

— Салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;

— Қаржылық тұрақты болу;

— Берік жемшөп базасын қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңының болуы;

— Қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына ие болу

Қосымша ақпаратты “Солтүстік “ӘКК” АҚ-нан мына мекен-жай бойынша алуға болады: Солтүстік Қазақстан облысы., Петропавл қ., Н. Назарбаев к-сі, 69, каб. № 9, телефон: +7 7152 50 08 32

Өтінімдер қағаз жеткізгіште 2024 жылғы 04 маусымнан бастап құжаттардың белгілі бір тізбесіне сәйкес мына мекенжай бойынша қабылданады: Петропавл қ., Н.Назарбаев к-сі, 69, 3 қабат, 9 кабинет 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін. Сенбі, жексенбі демалыс күні.

№ 1 қосымшаға сәйкес қарыз алу үшін қажетті құжаттар тізбесі;

АӨК құжаттарының тізбесі

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG