04.12.2024 жылғы хабарландыру
“Солтүстік” ӘКК” АҚ «Шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 693 Бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрығы шеңберінде Петропавл қаласында шағын өнеркәсіп аймағын құруға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
Қарыз беру шарттары:
1) Қарыз валютасы-теңге;
2) қаржыландыру мерзімі-7 жылға дейін;
3) жеңілдікті кезең-бірінші жыл;
4) қарызды өтеу тоқсан сайын жүргізіледі;
5) қарыз шарты шеңберінде қаражат шағын өнеркәсіптік аймақтарды құруды қаржыландыру мақсаттарына ғана бағытталады;
6) өңірлік институттың талабы бойынша өтініш беруші өңірлік институттың талаптарына сәйкес келетін қамтамасыз етуді ұсынуға тиіс;
7) қарыз шартының өзге де талаптары тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Өтінімдер қағаз жеткізгіште 2024 жылғы 05 желтоқсаннан бастап мына мекенжай бойынша қабылданады: Петропавл қ., Н. Назарбаев к-сі, 69, 3 қабат, 9 кабинет 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін. Сенбі, жексенбі демалыс күні.
№ 1 қосымшаға сәйкес қарыз алуға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары;
Қосымша ақпаратты “Солтүстік “ӘКК” АҚ-нан мына мекен-жай бойынша алуға болады: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Н. Назарбаев к-сі, 69, каб. № 9, телефон: +7 7152 50 08 32
№ 1 кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын біліктілік талаптары