Қатысу шарттары
Микрокредит беру мерзімі:
- ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес үшін – 5 жылға дейін;
- ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу саласы үшін – 7 жылға дейін.
Микрокредит сомасы:
- 2500 АЕК-ке дейін – стандартты жобалар;
- 8000 АЕК-ке дейін – қайта өңдеу, кооперативтер және қайта кредиттеу жобалары.
Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%-дан аспайды.
Жеңілдік кезеңі: негізгі қарызды өтеусіз 12 айға дейін.
Міндетті шарт: кепілзаттың болуы.
Жобалар әрбір ауылдық округтің басым бағыттарын ескере отырып қаралады, бұл өтінімнің мақұлдану мүмкіндігін арттырады.
Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар
- Өтінім берген сәтте қарыз алушының жасы 18 жастан кем болмауы және жалпы белгіленген зейнеткерлік жастан аспауы тиіс.
- Қарыз алушы ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:
- жұмыссыз азаматтар;
- жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей табыс табу мақсатында тауар өндірумен, жұмыстар орындаумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын тұлғалар және (немесе) қызметін жүзеге асырмайтын жеке кәсіпкерлер;
- отбасылық кәсіпкерлікте ақысыз қызмет атқаратын тұлғалар;
- жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіріп, оны сататын (айырбастайтын), табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар.
- Жеке кәсіпкер (ЖК), шаруа немесе фермер қожалығы, ауыл шаруашылығы кооперативі ретінде тіркелуі (немесе олардың мүшесі болуы) және қарыз шартының қолданылу мерзімі ішінде осы мәртебені сақтау міндеттемесін қабылдауы тиіс.
- Өтінім берген күні салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс.
- Кредиттік бюролардың мәліметтері бойынша банктер мен басқа қаржы ұйымдары алдында мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс.
- Кәсіпкерлік қызметті қарыз алушының тіркелген жері бойынша ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада жүзеге асыруы қажет. Жеке тұлғалар үшін тұрақты тіркеу мерзімі кемінде 12 ай болуы тиіс.
- Қарыз алушы туралы мынадай тізімдерде мәлімет болмауы тиіс:
- әрекетсіз салық төлеушілер;
- терроризмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалар;
- жалған кәсіпкерлікпен айналысатын салық төлеушілер;
- дәрменсіз борышкерлер, банкроттар және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе банкроттық рәсімдерін қолданған азаматтар;
- іздеуде жүрген қылмыскерлер, борышкерлер, хабар-ошарсыз кеткен адамдар және алимент төлемейтін тұлғалар;
- ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті іздестіріп жатқан тұлғалар.
- Қарыз сомасының 100%-ын қамтамасыз ететін өтімді кепілзат болуы қажет.
- Егер сұратылған микрокредит сомасы белгіленген шекті мөлшерден асып кетсе немесе кепілзат жеткіліксіз болса, қарыз алушы өз қаражатын қоса қаржыландыру ретінде пайдалана алады. Бұл ретте қаражаттың бар екенін растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
Мал шаруашылығы бағытындағы жобаларға қойылатын талаптар
- Мал азығымен қамтамасыз етілуі (өз қаражаты немесе қарыз қаражаты есебінен), сондай-ақ оның жеткіліктілігі құжатпен расталуы тиіс.
- Сатып алынатын ауыл шаруашылығы жануарлары қолданыстағы қағидаларға сәйкес сәйкестендірілуі тиіс.
- Бизнес жүзеге асырылатын ауылдық округте ветеринариялық-санитариялық жағдай қолайлы болуы қажет.
- Қарыз мерзімі ішінде сатып алынған аналық ірі қара, ұсақ мал, жылқы немесе түйе басының саны азайтылмауы тиіс.
Қаржыландыруға тыйым салынатын мақсаттар
Қаражат мына мақсаттарға берілмейді:
- кейіннен жалға беру үшін ғимараттар, үй-жайлар және тұрғын үйлер сатып алу немесе салу;
- бағалы қағаздарды сатып алу;
- қару-жарақ, есірткі заттары немесе азаматтық айналымнан алынған өзге де мүлікті өндіру немесе сатып алу;
- ойын бизнесін ұйымдастыру немесе дамыту;
- терроризмге немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған өзге де қызметке байланысты жобалар;
- акцизделетін өнімдерді өндіру;
- кредиторлық берешекті өтеу;
- кәсіпкерлікке қатысы жоқ жеке тұтынушылық мақсаттар;
- жеңіл автокөлік сатып алу;
- жақын туыстарынан ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу;
- көтерме және бөлшек сауда қызметі.