KZ/ RU/ ENG

Жалпы ақпарат

«Ауыл аманаты» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі бастамасын іске асыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Солтүстік Қазақстан облысында бағдарламаның сенім білдірілген агенті – «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ.

«Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді.

2023 жылы бағдарламаны іске асыруға 1,8 млрд теңге бөлініп, 236 жоба қаржыландырылды.

2025 жылы 1,5 млрд теңге бөлініп, 141 жоба қаржыландырылды.

2026 жылы бағдарламаны іске асыруға 3,7 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.

«Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражат ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындарына өз кәсібін бастауға және кеңейтуге қосымша мүмкіндік береді.

Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру және жергілікті жерлерде тұрақты экономиканы дамыту.

Бағдарлама келесі санаттарға бағытталған:

— ауыл тұрғындары мен шағын қала кәсіпкерлеріне;

— кәсіп бастаушы және жұмыс істеп жүрген фермерлерге;

— ауыл шаруашылығы және тұтыну кооперативтеріне.

Контактілер

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 69 ғимарат Пошта индексі: 150000

+7 7152 500 830 (қабылдау бөлмесі) spk.sko@mail.ru
KZ/ RU/ ENG